+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті

2018 жылғы 16 қараша 13:06
Бөлісіңіз:
Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы демалыс күндері 17-19 қарашаға арналған болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, ауқымды және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұрады.

Еске сала кететіні, ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10...18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20...28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8...15°С градус төмен.

Алайда Батыс Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа массасы келіп жетеді. Соның салдарынан демалыс күндері температура жоғарылайды деп болжанады.

«Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы секундына 15...20 метр шамасында болады. Еліміздің оңтүстігінде әзірше қар жаумайды, бірақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT