Синоптиктер алдағы бірнеше күннің ауа райына болжам жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы бірнеше кнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Қазгидромет « РМК мәліметінше, суық антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз әсерін сақтайды.

«Түнде ауа температурасының нөлдік мәні сақталады және елдің солтүстік аудандарында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республиканың батысында ғана солтүстік-батыстан ауысып келе жатқан циклон әсерінен ауа температурасы біртіндеп көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Жалпы алдағы күндері елдің солтүстік жартысында – тұман, жел күшейеді, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде құмды дауыл тұруы ықтимал.

«Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасы 3-10 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте күндіз 13-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 5-13 градусқа дейін, республиканың батысында күндіз термометр 17-30 градусқа дейін көтеріледі», - деп нақтылады метеорологтар.


Соңғы жаңалықтар