Синоптиктер: 8 сәуір күні жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет өкілдері Қазақстанда 8 сәуір күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-батысында ғана жауын жаумайды. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста күн күркірейді, бұршақ жаууы да ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге жетеді, түнде тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Қызылорда облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына15-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал, түнде үсік жүреді (2 градус).

Алматы облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-23 метр болады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да ықтимал.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан, облыстарында жылдамдығы 15-20 метр/секунд болатын жел тұрады, тұман түседі.
Маңғыстау облысына тұман түседі. Күндіз Атырау облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Соңғы жаңалықтар