+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

2020 жылғы 29 қыркүйек 20:15
Бөлісіңіз:
Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тұман, жел, көктайғақ: 22 қазанға арналған ауа райы Жаңбыр, тұман, көктайғақ – сәрсенбідегі ауа райы болжамы Тұман, жел, көктайғақ - сейсенбіге арналған ауа райы

Атап айтқанда, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

30 қыркүйекте және 1-2 қазанда Жамбыл облысында тұман, шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с артады. 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT