Синоптиктер 5 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына орай бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 20 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады.

20-22 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20-21 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

20 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

20-21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. 20 қарашада күндіз, 21 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.


Соңғы жаңалықтар