Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.


Соңғы жаңалықтар