Синоптиктер 4 облыста ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, 18 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с болады. Кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Ақтөбеде 18 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

18-20 шілде күндері күндіз Жамбыл облысында 38 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.

18 шілде күні күндіз Қызылорда облысының көп бөлігінде 42 градусқа дейінгі қатты ыстық болады. Кей жерлерде таңертең және күндіз солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Шаңды дауыл тұрады.

18 шілдеде күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан  жылдамдығы 15-20 м/с екпінде жел соғады. Ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі. 

Соңғы жаңалықтар