Синоптиктер 25 наурызда ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 25 наурыз, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың арқасында тұрақсыз ауа райы қалыптасады.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман сақталады, жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар