Синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 5 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, күндіз Алматы облысында 36 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ шаңды дауыл сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады

Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Маңғыстау облысының жағалауында тұманды болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі болжанады.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың шығысында 37 градус өте қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.

Күндіз 5-7 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аумақтарында найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі болжанады.


Соңғы жаңалықтар