Валюта бағамдары:
    usd/kzt 455 eur/kzt 492.13

    rub/kzt 5.94 cny/kzt 66.11
Ауа райы:
Астана+8+10℃
  Jańalyqtar  >

Синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады

2023 жылғы 3 ақпан, 20:06

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 4 ақпанда Атырау облысының оңтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.

4 ақпанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында көктайғақ сақталады, тұман болады.

4 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

4-6 ақпанда Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, облыстың батысында және шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

4-6 ақпанда Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

4 ақпанда Маңғыстау облысының шығысында бұрқасын болады. Өңірдің батысында, шығысы мен орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

4 ақпанда Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

4 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

4 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысын тұман басады.

4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында тұман күтіледі.

Сондай-ақ 4-10 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Ауа температурасы жоғарылайды. Осыған байланысты қар жылдам еріп, тау беткейлерінен тасқын су ағады, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріледі. Бұл ретте су арнадан асып, тасқын су жайылуы ықтимал.


Автор:

Гүлмира Алякпарова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары