Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Синоптиктер 13 ақпанда Қазақстанда ауа сапасының қандай болатынын айтты

2018 жылғы 13 ақпан 08:10 103
Бөлісіңіз:
Синоптиктер 13 ақпанда Қазақстанда ауа сапасының қандай болатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпан, сейсенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 16 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жаһандық жылынуды тоқтату үшін 1 трлн ағаш отырғызу керек - экологтар Павлодар облысында қасқырлар саны күрт азайып кетті

Қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Қарағанды Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Теміртау, Өскемен қалаларында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін болады.

Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Сондай-ақ Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар, атап айтқанда, желсіз ауа, баяу жел, тұман, инверсия ескеріледі. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT