+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

2021 жылғы 12 маусым 22:31
Бөлісіңіз:
Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 13 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмаға арналған ауа райы болжамы Тамыз айында бірнеше өңірде 38 градусқа дейін ыстық болады - ҚР ТЖМ Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады

Атап айтқанда, Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17-22 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, күші 15-20 м/с артады. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Павлодар облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі ауданында қатты жаңбыр күтіледі. 13-15 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. 13-15 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT