Синоптиктер 11 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз оның күші 15-20 м/с артады.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.

27-29 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын болжанады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, 28 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар