Синоптиктер 10 мамырдағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырда метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның көптеген қалаларындағы ауа сапасына жайлы әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қарағанды, Астана және Тараз қалаларында атмосферада ластаушы заттар шоғырланады.

Алайда, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл және Талдықорғанда жайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді.

Ал Қостанай қаласының атомосферасында метеорологиялық жағдайлардың әсерімен ластаушы заттар шоғырланады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

 

 

Соңғы жаңалықтар