Синоптиктер 1 наурыз күніне арналған ауа райы болжамын жария етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанда 1 мамыр күніне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерге қар жауады, ал оңтүстікте және шығыста қар қалың түседі. Елдің батысында қар жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігіне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, түнде және күндіз тұман түсіп боран болады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады.

Қостанай облысында боран соғып, түнде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында тұман түседі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да тұман.

Соңғы жаңалықтар