Синхронды жүзудің атауы өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) конгресінің шешімімен Синхронды жүзу спортының атауы артистік болып өзгерді. Дауыс беру Будапештегі конгресте өткізілді. Бұл күндері онда Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

«Синхронды жүзудің атауы - оның дамуына жаңа серпін беру үшін және баспасөзге, адамдарға барынша ұғынықты болуы үшін өзгертілді», - деп мәлім етті FINA атқарушы директоры Корнел Маркулеску.
Еске сала кетсек, синхронды жүзу алғаш рет Лос-Анджелесте 1984 жылы Олимпиада ойындарына қосылды. 1992 жылғы Барселонадағы Олимпиадаға дейін синхронды жүзу жарыстарының бағдарламасы бір санаттан (соло) және жұптық санаттан тұратын. Қазіргі Олимпиадада дуэт және топ бойынша медальдар ойнатылады. 

Соңғы жаңалықтар