«Singer-2017»: Қытайда Димаш түсірілген видеолар бұғатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бейнероликтердің бұғатталуы себебінен жанкүйерлер Димаштың «Singer-2017» байқауының алғашқы 5 кезеңінде ән шырқаған сәті түсірілген видеоларды аша алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Димаштың әндерін тыңдай алмай жатқандықтарын, оның видеолары ашылмай тұрғандығын жарыса жазған. Кейінірек бұндай жағдай не себепті орын алғаны белгілі болды.

Ifeng.com сайтының хабарлауынша, «Хунань ТВ» телеарнасының сайты мен «Iqiyi.com» сайтында «Singer-2017» байқауының алғашқы 5 кезеңінің толық видеолары бұғатталған. Оған байқау қатысушысы Тән Жинь есімді әншіге байланысты оқиға себеп болған. Оның қандай оқиға екендігі әзірше белгісіз.

 

Бұл екі сайт - байқаудың бейнекөрсетілімін негізгі таратушы ақпарат құралдары. Сайттарда Тән Жиньнің видеоларын шектеу мақсатында толық нұсқадағы видеоларды да бұғаттаған. Оның ішінде қазақстандық Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсеткен сәті қамтылған. Жанкүйерлердің жаппай жазып жатқан пікірлері осы оқиғаға байланысты болса керек.

Ал, басқа әншілердің жеке өздері ғана түсірілген бейнероликтерін көруге шектеу қойылмаған.

Айта кетейік, Тән Жинь аталған байқаудың 3-ші және 5-ші кезеңдерінде бірінші орын алған. 

Соңғы жаңалықтар