Сингапурда коронавирустың өсуіне байланысты карантин күшейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сингапурда коронавирус инфекцияның өсуі санитариялық шектеулердің күшеюіне әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сингапурда COVID-19 ауруы салыстырмалы түрде аз болғанына қарамастан ел билігі жаңа карантиндік санкциялар енгізуде. Өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 181 фактісі анықталды, көрші елдермен салыстырғанда бұл аса көп емес, Үкімет COVID-19 таралуына қарсы қатаң күрес шараларын енгізуге ниетті. Сингапурдағы қоғамдық тамақтану орындары клиенттерге тағамды тек алып кету арқылы қызмет көрсетеді, ал ел тұрғындарына екі адамнан артық топтасуға тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар