Сингапурда енді тек вакцина алған тұрғындар ғана коронавирустан тегін емделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда ақпан айынан бастап алғаш рет коронавирустан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 500-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Германиядағы пандемия кезіңіндегі өлім-жітімнің жалпы саны 104 047-ге жетті. Роберт Кох атындағы Вирусология институтының мәліметтеріне сәйкес, 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 69 601 жағдайы тіркелді.

Сингапур билігі вакцинация курсын алмаған тұрғындарға коронавирусты емдеуге ақы төлеуді тоқтатады. Денсаулық сақтау министрі Он Е Кун хабарлағанындай, коронавирус инфекциясынан сауығу қымбат емдеуді талап етеді, ал науқастардың басым бөлігі вакцина қабылдамаған адамдар. Тегін емдеу 12 жасқа дейінгі балалар мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес иммундауға жатпайтын азаматтарға ұсынылады.

Украина президенті Владимир Зеленский вакцинация үшін азаматтарға 1 мың гривен аудару туралы Заңға қол қойды. Шамамен ол 2,7 мың рубльге тең. Украина тұрғындары бұл қаражатты 19 желтоқсаннан бастап пайдалана алады. Осы ақшаға спортзалға, кинотеатрға, театрға, мұражайға, көрмеге баруға немесе Украина аумағында саяхат жасауға билет сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар