Сингапурда денге безгегінен өлімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

None
None
СИНГАПУР. ҚазАқпарат – Тарихтағы денге безгегінен болған өлім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Сингапурда тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Straits Times басылымының жазуынша, жыл басынан бері 28 адам көз жұмған.

Бұдан бөлек, биыл қалада тропикалық безгек ауруын жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші анықталды. 31 мыңнан астам адам тропикалық безгек жұқтырған.

Тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік министрі Десмонд Лидің айтуынша, «аурудың шарықтау шегі шілде айында болды. Ол кезде аптасына кемінде 1,7 мың безгек жұқтыру оқиғасы тіркелген».

Министрдің айтуынша, «қазір бұл көрсеткіш аптасына орта есеппен 500 жағдайға дейін төмендеді».

Денге – бұл тропикалық және субтропикалық аймақтарда басым болатын вирустық инфекция. Оның белгілері - дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, бөртпе, бас және бел ауруы.

Соңғы жаңалықтар