Сингапурда Астананың 20 жылдығы аталып өтті

None
None
БЕЙЖІҢ-Сингапур. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сингапурдегі елшілігі Астананың 20 жылдығы аясында салтанатты қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Шараға Сингапур үкіметінің, дипломатиялық корпустың, бизнес-құрылымдардың, мәдени және ғылыми ортаның, БАҚ-тың өкілдері және арал мемлекетте тұрып жатқан Қазақстан азаматтары қатысты.

Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Үсен Сүлеймен өзінің сөзінде Қазақстан астанасының 20 жыл ішінде саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналғандығын атап өтті. Ел ордасы Астана өзін дипломатия мен бейбітшіліктің маңызды орталығы ретінде таныта білді.



«Астана мемлекет тәуелсіздігінің басты брендіне, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатының нәтижесіне айналды»,-деді ол.

Дипломат биылғы жылдың шілде айының алғашқы онкүндігінде Қазақстан астанасында үлкен мерекелік шаралардың ұйымдастырылатындығын айта келе, қабылдауға келген қонақтарды Астанаға келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар