Сингапур, Сербия, Үндістан, Мысыр және Израиль ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құрмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сингапур, Сербия, Үндістан, Мысыр және Израиль Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құруға мүдделік танытып отыр.

Бұл туралы бүгін «Идеядан - шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Сенат депутаты Серік Бектұрғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі әлемдегі ірі интеграциялық бірлестік ретінде ЕАЭО-ны құру шамамен 170 млн адам тұрғыны бар ғаламшардағы үлкен тұтынушылық нарықтардың бірін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі бағалауға сәйкес жалпы құны 40 трлн долларды құрайтын әлемдегі барланған пайдалы қазбалардың шамамен ширегі қатысушы елдердің үлесіне тиесілі. ЕАЭО сонымен қатар әлемдегі энергия ресурстары мен азықтық бидайды экспорттаушылардың бірі. Бірлестік өзін аталған ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп отыр және ортақ нарықтың ішіндегі қажетті коммуникацияларға иелік етеді», - деді Сенат депутаты.null

Оның атап өтуінше, интеграциялық бірлестік халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалып, ЕАЭО-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бірқатар мемлекет мүдделік танытып отыр. Вьетнаммен еркін сауда аймағы құрылған. Дәл осындай жұмыс Иранмен жүргізіліп жатыр. Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім рәсімделген.

«Еркін сауда аймағын құру бағытындағы жұмыстар Сингапур, Сербия, Үндістан, Мысыр және Израильмен жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ сенатор Моңғолия, Чили, Перу, Сингапур, Камбоджа сынды елдермен ЕАЭО арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 25-тен астам меморандумға қол қойылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар