Сингапур Президентінің Астанаға сапарында қандай құжаттарға қол қойылды

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сингапур Президенті Халима Якобтың Астанаға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қол қойылған бірлескен құжаттар:

1. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Enterprise Singapore» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Enterprise Singapore» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Еске салайық, бүгін Ақордада Сингапур Президенті Халима Якобты салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі өтті.

Кейін Қазақстан мен Сингапур басшылара келіссөз жүргізді.


Соңғы жаңалықтар