Сингапур президенті Назарбаев университетінде дәріс оқыды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы Назарбаев университетінде Сингапур президенті Халима Якоб «Арыстан қаладан - Ұлы далаға» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халима Якоб өз сөзінде Сингапур мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас көшбасшылардың өзара іс-қимылына негізделетінін баса айтты.


«Біз бәріміз өркендеуге ұмтыламыз, онсыз экономикалық өсу болмайды. Оған қоса, елдердің үлкен немесе кіші болуына қарамастан, анағұрлым инклюзивті аймақтық архитектураға ұмтыламыз. Бізде түрлі ұлттық контексттер мен әртүрлі даму қажеттіліктері болғанына қарамастан, бәріміз бірдей құқықтарға ие боламыз. Дегенмен, біздің елдерімізде ұқсас тәжірибелер мен ұқсас қиындықтар бар. Мен жүрегіме өте жақын үш бағыт бойынша ой бөліскім келеді. Біріншісі – білім. Сингапур о баста-ақ адам әлеуетін арттыруға бағытталған ресурстарды инвестициялады. Біз соңғы жылдары жастар білім ала алатын жағдайларды барынша жақсартып келеміз, оны өз қажеттіліктеріне қарай барынша іріктейміз. Сондай-ақ білім беру ісіне әртараптандыруды енгіземіз, осылайша студенттерімізге білім берудің ең қызықты бөлігін таңдауға мүмкіндік береміз», - деді Сингапур президенті.


Сонымен бірге, Х. Якоб халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге көмектесу, осылайша оларға өз әлеуетін арттыруға және оны ашуға мүмкіндік беру бастамалары бар екенін жеткізді.


«Біз мектептерде инклюзивті контекстке ұмтыламыз, өмір бойы білім алудың маңыздылығын түсінеміз және үздіксіз оқыту, біліктілік бастамаларын қолдаймыз. Білім беру мәселесі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының басты бөлігі екенін естігеніме қуаныштымын. Сондай-ақ, Қазақстан-2025 стратегиясы аясында инклюзивті білім берудің күн тәртібін ілгерілетіп, білім беру мәселесіне үлкен көңіл бөлетінін білемін. Назарбаев университеті де студенттерге практикадан өтуге және өз дағдылары мен құзыреттерін қолдануға мүмкіндік беретінін білемін. Мұның бәрі еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай келетін адами капиталды дамытуда өте маңызды. Жеке өзім екі ел арасындағы студенттердің, оқытушылар құрамының кез келген тәжірибе алмасуын құптаймын», - деді Сингапур Президенті.


Айта кетейік, Сингапур Президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Сондай-ақ, Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында 275 миллион АҚШ долларын құрайтын 12 құжатқа қол қойылды.








Соңғы жаңалықтар