Сингапур АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің вакциналанған туристері үшін шекарасын ашты

None
None
СИНГАПУР. ТАСС-ҚазАқпарат – Сингапур билігі сейсенбіден бастап Еуропаның бірқатар елінен, сондай-ақ Канада мен АҚШ-тан келетін вакциналанған саяхатшыларға арналған дәлізді іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агаенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін келу кезінде карантинді алып тастайтын жеңілдетілген кіру ережелерін көлік министрі С.Исваран айтқан болатын.

«Бұл бағдарлама Ұлыбритания, Дания, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, АҚШ және Франция тұрғындары үшін жарамды, олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналардың екі дозасын алғандар болуы керек, карантинде болудан босатылады, елге кіруге рұқсат беріледі», - деді ведомство басшысы. Бұл ретте Сингапур вакцинация туралы цифрлық сертификатты ғана таниды.

Билік сонымен қатар 19 қазаннан бастап Сингапурға кіру үшін талап етілетін ПТР тестілерінің санын төрттен екіге дейін қысқартты. Бірінші тест шекарадан өткенге дейін 48 сағат бұрын, ал екіншісі республикаға келгеннен кейін бірден тапсырылуы тиіс.

Сингапур билігі өткен жылдың наурыз айында шетелдіктер үшін шекараны толығымен жапқан болатын. Кейіннен эпидемиологиялық жағдайға байланысты жекелеген елдер мен аумақтар үшін шектеулер алынып тасталды. Сонымен, қазір республикаға міндетті карантинсіз және вакцинасыз кіруге тек материктік Қытай, сондай-ақ Гонконг, Макао және Тайвань тұрғындарына рұқсат етілген.


Соңғы жаңалықтар