Синдзо Абэ үшінші рет Жапонияның премьер-министрі болып сайланды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Синдзо Абэ Жапония Либерал-демократиялық партиясының сайлауында жеңіске жетіп, елдің премьер-министрі лауазымын сақтап қалды. Абэ бұл қызметке үшінші рет сайланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo сайтына сілтеме жасап.

Абэ өзінің жалғыз қарсыласы, бұрынғы қорғаныс министрі Сигэру Исибаны (254 дауыс) басып озып, 553 дауыс жинады.

Абэ сайлаудан кейін бірден қызметіне кірісті. Ол Конституцияға назар аударатын уақыт келгенін, табиғи апаттың алдын алатын жаңа шаралар жасау керектігін, сондай-ақ дипломатияға көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Синдзо Абэ үкіметте және партия басшылығында ауыс-түйіс жүргізуді жоспарлап отыр.

Премьер-министр бұл мәселелермен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысып келгеннен кейін, қыркүйектің соңында айналыспақ.

Абэ елдің премьер-министрі қызметіне 2012 жылы сайланған еді, 2015 жылы ол қайта сайланды. Егер Абэ Жапонияның үкімет басшысы лауазымында 2021 жылдың қыркүйегіне дейін қалса, ол осы қызметте ең ұзақ отырған саясаткер ретінде тарихта қалады.

Қазіргі таңда бұл рекорд Жапонияның 11-ші премьер-министрі болған Таро Кацураға тиесілі. Ол билікте 2 886 күн отырған. 

Соңғы жаңалықтар