СІМ ұжымы Арыста зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты біркүндік жалақыларын зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осындай қиын сәттерде халықтың бірлігі мен жалпы қолдауы Арыс қаласының тұрғындары және бұл қайғылы оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдар үшін аса маңызды.Сыртқы істер министрлігінің ұжымы мен Қазақстандық дипломаттар бірлестігі зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында өздерінің біркүндік жалақыларын аударады», -делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар