+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

СІМ Санкт-Петербургте қазақстандық ІІМ зейнеткері жазатайым жағдайда көз жұмғанын растады

2020 жылғы 24 қаңтар 17:43
Бөлісіңіз:
СІМ Санкт-Петербургте қазақстандық ІІМ зейнеткері жазатайым жағдайда көз жұмғанын растады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың хабарлауынша, қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтің ажалы ұстамасы ұстап, баспалдақтың құлау салдарынан болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Беларусь премьері азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға көмектескені үшін Қазақстанға алғыс білдірді Шымкент маңындағы бөлімнен әскери қызметші қару-жарақ алып қашты Ерейментау ауданында қар құрсауында қалған адамдар құтқару арқанымен эвакуацияланды

«Біздің дипломаттар полиция учаскесіне барып қайтты. Мәліметтердің бәрін алдық. Ол шынында да, Қазақстан азаматы. Алдын ала нұсқа бойынша, оның ажалы зорлық-зомбылықтан келмеген. Оның ұстамасы ұстап, баспалдақтан құлап қалған. Мұндай ақпаратты бізге ресейлік полиция қызметкерлері ұсынды», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияров бұл оқиғаға қатысты ресейлік полициядан толымды мәлімет күтіліп отырғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, Санкт-Петербургте 62 жастағы қазақстандық ІІМ зейнеткері Вячеслав Жексеновтің мерт болғаны бұған дейін хабарланған еді. РФ Тергеу комитеті қалалық Бас тергеу басқармасының БАҚ-пен байланыс басшысының аға көмекшісі Сергей Капитоновтың айтуынша, 2020 жылдың 21 қаңтарында қаза тапқан 1957 жылы туған зейнеткердің өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

«Жазатайым жағдай болған деген нұсқа бар. Ол ишемиялық аурумен ауырған. Есінен танып қалды деген болжам бар. Ол өз денесімен бірдей биіктіктен құлап, жабық бас сүйек-ми зақымын алған», -деді С.Капитонов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Ресей, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT