СІМ Қытайда қаза тапқан Динара Ереноваға қатысты мән-жайды айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайдың Фошань қаласында қайтыс болған қазақстандық Динара Еренованың мүрдесі таяу күндері елге жеткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізде білетіндей, азаматшамыз Динара Еренова өткен аптада Қытайда қайтыс болды. Бейжіңдегі консулымыз бірден оның туған-туыстарымен байланысқа шықты. Бірінші күннен бастап бізде консулмен байланысқа шығып отырмыз. Бүгін, 26 қарашада Динараның өлімі туралы қытайлық куәлік рәсімделді», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, кейбір отандық БАҚ хабарлағандай, Динара Еренова студент емес. Ол Қытайда жұмыс істеп жүрген. Гуанчжоуға тақау Фошань  қаласында тұрған.

«Оның мүрдесі Фошаньнан Гуанчжоу қаласына жеткізілді. Консулымыз жан-жақты көмек көрсету және қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін сол жақта жүр. Таяу уақытта мүрде Қазақстанға жеткізіледі деп ойлаймыз. Қыздың туған-туыстары өлім себебін анықтау үшін мүрдені  союға рұқсат бермеді. Себебі, қытай заңына сәйкес мұндай шара шамамен 30 күн уақытта алады. Сондықтан туыстары мүрдені елге алып келмек», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар