СІМ қазақстандық шаштараздың Мәскеуде неден қайтыс болғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеуде жұмыс істеп жүрген қазақстандық шаштараздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәскеу қаласындағы Хамовика ауданы полиция қызметкерлерінің қазақстандық дипломаттарға берген ақпаратына қарағанда, сұлулық салонында қайтыс болған ер адам - Қазақстан Республикасының азаматы. Алдын ала болжам бойынша, ол жүрек талмасынан көз жұмған. Бұл азамат сол сұлулық салонының қызметкері болатын», - делінген ресми мәліметте.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеуде Қазақстан азаматы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар