СІМ Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген қауесетке жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауғанстандағы ахуал сағат сайын өзгеріп жатыр, сондықтан нақты шешім туралы айту ертерек», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.

Мемлект басшысы Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырды.



Соңғы жаңалықтар