СІМ Грузияда жоғалған қазақстандыққа қатысты ақпаратты тексеруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі бұрын жоғалған екі турист денелерінің Грузияда табылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Грузиядағы елшілік Местианың муниципалитетімен байланысқа шықты. Анықталғандай, табылған туристерде ешбір құжаттар болмаған. Енді олардың кім екенін тиісті органдар анықтайды. Қайтыс болғандардың аты-жөні  мен өлім себебі тиісті сараптамадан соң белгілі болады. Біз осы мәселені айрықша бақылауда ұстаудамыз», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың шілде айында Грузия тауларында астаналық Сергей Трофимов жоғалып кеткен еді. Содан бері ол туралы ешбір ақпарат келіп түспеді.

Айта кетейік, бұған дейін екі адамның денесінің табылғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болғандар біраз уақыттан бері тауда жоғалған шетелдік туристер болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар