СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Әли жаңа қызметке тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше тағайындау болды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне;

Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне;

Асан Қуанышұлы Жүсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.


Фото: mfa.gov.kz

Соңғы жаңалықтар