СІМ Диас Қадырбаевтың Қазақстанға қашан әкелінетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР сыртқы істер министрлігі Бостондағы ағайынды Царнаевтар ұйымдастырған терактіні тергеу кезінде сотталған қазақстандық Диас Қадырбаевтың АҚШ-тан Қазақстанға әкелінетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Диас Қадырбаевты Қазақстанға депортациялау үшін көші-қон түрмесіне ауыстырғанын растаймыз. Ол өз жазасын өтеді. Оның елге қашан әкелінетіні Америка билігінің тиісті процедураларды рәсімдеп бітуіне байланысты» делінген СІМ таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін The Boston Globe сайты Бостонда болған террорлық актіні тергеу кезінде сотты болған қазақстандық Диас Қадырбаев АҚШ-тан Қазақстанға депортацияланатынын хабарлаған болатын. 24 жастағы қазақстандық Америка полициясының тергеуіне кедергі келтіргені үшін сотталған еді. Атап айтқанда, ол досы Азамат Тажаяқовпен бірге ағайынды Царнаевтардың пиротехника салынған арқа қоржыны мен ноутбугын жойып жіберген еді.

Атап өтілгендей, сәрсенбі, 29 тамыз күні Д.Қадырбаев АҚШ-тың федералдық түрмесінен босатылған. Бұл ақпаратты осы елдің Иммиграциялық және кедендік полициясының ресми өкілі растап отыр.

Соңғы жаңалықтар