Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 21 °С
Алматы: 28 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

СІМ басшысы АҚШ делегациясы мен Франция елшісін қабылдады

2017 жылғы 15 қыркүйек 22:24 974
Бөлісіңіз:
СІМ басшысы АҚШ делегациясы мен Франция елшісін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға Сирия жөніндегі Астана процестеріне бақылаушы ретінде қатысу үшін келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилдпен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде тараптар оқиғалардың дамуы мен Сириядағы қақтығыстарды реттеу жолдарын талқылап, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір алмасты. Министр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам елдерінің арасын жақындатуға көп күш салып жатқаны, ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар бойынша саммиті, Еуразиядағы экономикалық байланыстарды нығайту және Қазақстанның ішіндегі жаңғырту процестері туралы әңгімеледі.

СІМ басшысы АҚШ делегациясы мен Франция елшісін қабылдады

Қайрат Әбдірахманов, сондай-ақ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Франция елшісі Френсис Етьенді қабылдады. Министр француз дипломатына табысты қызметі үшін алғыс білдіріп, Президент Н.Ә. Назарбаевтың атынан Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын» тапсырды.

СІМ басшысы АҚШ делегациясы мен Франция елшісін қабылдады


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат