+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СІМ Асылбек Мусин өлімінің мән-жайы туралы айтты

2017 жылғы 28 желтоқсан 11:33
Бөлісіңіз:
СІМ Асылбек Мусин өлімінің мән-жайы туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Асылбек Мусиннің қаза болу мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан азаматының қаза табу фактісі бойынша Рига қаласының полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. Олар қайғылы жағдайдың неден болғандығын анықтайтын болады. Кеше Ригаға келген қаза болған азаматтың ағасы Қазақстан консулымен бірге сот-медициналық сараптамалық орталығына барып, Асылбек Мусиннің мүрдесін таныды», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 22-сінен 23-ші желтоқсанға қараған түні болған, іс 22 желтоқсан күні сағат 23-42-де тіркелген.

Полиция мәліметінде, Асылбек Мусин 15 қабаттан терезеден құлаған.

«Асылбек Мусин Қазақстан Елшілігінде консульдық есепте тұрмаған. Кейбір мәліметтерге сәйкес оның Ригада тұруға ықтияр хаты болған», - деді ол.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Ригада өмірден озғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT