«Сиқырлы кілт» қазақстандық мультфильмінің тұсауы кесілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова «Сиқырлы кілт» танымдық-фантастикалық мультфильмін жасап шығарды. «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында аталмыш туындының тұсауы кесіліп, көрермен  назарына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сиқырлы кілт» мультфильмі Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына арналып әзірленген. Анимациялық туынды қаланың тарихы мен көрікті жерлерінен сыр шертеді. Онда бүлдіршіндер Сыр елінде дүниеге келген атақты тұлғалардың өмірі мен қызметінен мол мағлұмат ала алады. Осылайша мульфильмді әзірлеген мамандар балаларға туған өлкенің ерекшеліктерін айрықша тәсілмен жеткізеді.

«Сиқырлы кілт» мультфильмін эфирге әзірлеуге автордың 6 ай уақыты кеткен. Жұмыс процесіне тарихшылар мен үздік педагогтар да тартылған. Танымал әртістер туынды кейіпкерлерін дыбыстап, өз образдарын сәтті орындап шыққан.

«Мультфильмді өлкетану бағытындағы әрбір сабақта пайдалануға болады. «Bilim Foundation» қоғамдық қоры демеушілік жасап, біздің бастамамызға қолдау білдірді. Бұрын біз қысқа қазақша мультфильмдерді жасап келген болатынбыз. «Сиқырлы кілт» - бұл толықметражды тақырыптық дүние болып шықты. Көрермендердің көңілінен шыққанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта да ауқымды жоспарларымыз бар», - деді анимациялық фильмнің авторы Сымбат Әбдірахманова.

 

 

Соңғы жаңалықтар