«Siemens» компаниясы Өзбекстанда электр өнімдерін шығармақ

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - «Siemens» компаниясы Өзбекстанда төмен және жоғары вольтты электр өнімдерін шығармақ. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

«Узелтехсаноат» қауымдастығының төрағасы М.Юнусов бастаған делегацияның Германияға сапары барысында осындай келісімге қол жеткізді.

Бұл туралы қауымдастықтың құрамына кіретін «Uzelektroapparat-Electroshield» компаниясы Германияның Мюнхен қаласында «Siemens» компаниясымен келісім-шартқа отырғаны жайлы хабарлады.

Жоғарыда айтылғандай, неміс компаниясының бас директоры А. Либеров келіссөздер барысында «Siemens» компаниясының Өзбекстанмен технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, компания елдегі «жасыл энергия» саласында энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға көбірек көңіл бөлуді» жоспарлағанын мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар