Сиднейдегі тарихи ғимаратты жағып жіберді деген күдікпен жасөсіпірімдер ұсталды

Фото:
СИДНЕЙ. ҚазАқпарат - Сиднейдің орталығында жеті қабатты ғимаратта өрт шыққаннан кейін жергілікті полицияға 13 жасар екі жасөспірім кінәларын мойындап, барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Сиднейдің орталығындағы өртті сөндіруге 100 маман қатысты. Өрт кезінде ғимаратта 15 адам ұйықтап жатқан, 13 адамның жеке басы анықталуда. Осы ғимаратқа жақын маңдағы үйдің кем дегенде 70 тұрғыны үйлерін тастауға мәжбүр болды. Олар жеті күн бойы үйлеріне қайта алмайды.

Полиция берілген жасөспірімдер тергеуге көмектесіп жатқанын растады. Сондай-ақ, бұл оқиғаға басқа жасөспірімдердің қатысы болуы мүмкін.

Жаңа Оңтүстік Уэльстің өрт-құтқару қызметі сейсенбіде өрт дабылының 10-шы деңгейіне жеткенін мәлім етті.

Ғимарат мұралар тізіміне енген еді және бұған дейін мұнда Henderson Hat фабрикасы болған. Ол көп жылдан бері бос тұрды, оны қонақүйге қайта жабдықтамақшы болды. Өрттен ғимараттың жоғарғы қабаты көшеге құлап түсті.


Соңғы жаңалықтар