Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 364.95 EUR 416.99
RUB 5.55 CNY 52.58
Jańalyqtar

Сицилияда су тасқынының салдарынан 10 адам мерт болды

2018 жылғы 4 қараша 23:50 254
Бөлісіңіз:
Сицилияда су тасқынының салдарынан 10 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Сицилиясындағы Палермо орталығында нөсер жауынның салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам мерт болды. Олардың арасында 3 сәби бар, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Ұқсас жаңалықтар
Автобус 150 метр биіктіктен құлап, 14 адам ажал құшты 6 жыл бұрын ұрланған Пикассоның картинасы Румыниядан табылды

Агенттіктің мәліметтерінше, мерт болған 10 адамның 9-ы бір отбасының мүшелері. Олардың денелері Кастельдачча коммунасындағы өзеннің жағалауынан табылды.

Полиция қызметкерлері із-түзсіз кеткен тағы екі адамды іздестіруде.

Бұл өңірде болып жатқан бірінші су тасқыны емес. 19 қазанда ANSA агенттігі Сицилияда нөсер жауынның салдарынан су тасқыны болғанын хабарлаған еді.

Италиялық фермерлер қауымдастығының ақпараттары бойынша, су тасқыны ауыл шаруашылығы кешені мен оның инфрақұрылымына және фермелерге жарты миллион еуро шығын келтірген.

Көптеген шаруалар цирустық және көкөніс өнімдерінен айырылып қалды.

Тамыз айының соңында Апеннин аймағының оңтүстік-батысындағы Калабрия облысында нөсер жауыннан соң сең жүріп, 11 адам мерт болды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT