Сібірде өртенген орман аумағы миллион гектарға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Краснояр өлкесі мен Иркутск облысында миллион гектар орман жанып жатыр. Бұл туралы ақпарат «Орман өртін сөндіру орталығы» мен Иркутск облыстық ТЖМ ММ сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Краснояр өлкесінде 22 шілде күні таңертең 656 мың гектар аумақта 102 өрт болған. Иркутск облысында 262 мың гектар жерде 100 өрт шыққан.

Ведомстволардың ақпараты бойынша, өрт бақылауға алынған. Одан шыққан түтін басқа аудандар мен өңірлерге тарап жатыр.

Краснояр өлкесінде өртке байланысты Кемеровте «қара аспан» режімі енгізілді. Аймақта түтінге байланысты жол көрінбей қалған.

Новосібір облысында ТЖМ-ге Краснояр өлкесінде өрттің шығуы салдарынан түтінге 700 адам шағым түсірген.

Түтін көрші өңірлерге – Новосібір, Томск облыстары мен Хакасия Республикасына тарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар