Сібірде күннің ысуы салдарынан ормандар өртеніп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіден жексенбіге қараған түні Бурятия ормандарындағы өрттің ауқымы кеңейе түсті. Сібір аумағында мыңдаған гектар жердегі ормандар мен ауылдар өрт құшағында жатыр, деп хабарлады бүгін Вести.ру.

Төтенше жағдайлар режимі федералдық округтің барлық аймағында жарияланды. Осы уақытта Бурятиямен қатар, Иркустк облысы мен Байкал аймағы және Каранояр өлкесі де отқа оранған. Мұнда онсыз да қиын жағдайды ауа райы одан сайын күрделендіре түсуде. Күшті жел мен сәуір айы үшін ерекше жағдай болып отырған ауа райының 30 градустан жоғарылауы жағдайды одан сайын ушықтыруда. Жалын қазір ауылдық аймақтарды былай қойғанда кәсіпорындарды «жалмай» бастады. Жүздеген адамдар баспанасыз қалып жатыр.

Өрттен әсіресе РФ Иркутск облысының тұрғындары қатты зардап шекті. Мұнда бірнеше ауыл міне, 3-4 күннен бері түтіннен көз аша алмай отыр. Өткен тәуліктерде ғана ғарыш мониторингі арқылы өрттің 70-тен астам ошақтары анықталды. Желдің күшті болып тұрғанынан қарамастан өрт сөндірушілер жалын төніп келген 30-дан астам елді мекенді аман алып қалды. Оқиға орнына жеткен РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері алғашқы ұшырылымдарын жасап та үлгерді. Бе-200 амфибия ұшақтары аймақтағы өзендер мен көлдерден су ала алмай отыр. Өйткені олардың көпшілігіндегі мұздар әлі ерімеген.

Ресейдің ТЖМ басшысы Владимир Пучков Иркутск облысы мен көршілес Бурятиядағы өрттен қатты зардап шеккен аймақтарда болды. Өңірде өрттен зардап шегушілерді баспанамен қамтамсыз ету жөніндегі жоспарлар құрылуда.

Соңғы жаңалықтар