Сібір жарасына қарсы вакцинаның сынағы бойынша қылмыстық іс қозғалды - АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық ветеринария саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов сібір жарасына қарсы вакцинаға сынақ жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдарына тиісті материалдар жіберілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл тамыз айында сібір жарасына вакциналардың сапасын тексеру мақсатында біз тиісті сынамаларды Украина мен Эфиопияның зертxаналарына жіберген едік. Соның нәтижесі қуантарлық емес. Қазан айында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Қазір кезде сол материалдар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Қ.Айтуғанов.

Оның айтуынша, бүгінде заң бойынша вакциналар саудасымен айналысатын кәсіпорындардың куәлігін қайтару тетігі қарастырылмаған. Себебі ондай құжаттар мерзімсіз беріледі. Ендігі кезекте заңға өзгеріс енгізіп, вакцинаны өндіретін және сататын компанияларға қатысты талаптар күшейтілетін болады.

Алдағы уақытта бюджет ақшасына сатып алынатын ванкциналарды кәсіби шетелдік зертxаналар тексереді. Ал аталған тауарларды сатып алу конкурстары жылдың соңында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар