Сібір таутекесін атқан браконьерлер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2-тамыз күні кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд барысында Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, көлік ішінде болған Қазақстан азаматы мен испан ұлтының екі өкілі ұсталды.

«Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 дана Сібір таутекелерінің бастары терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг еттері, сондай-ақ шет ел азаматтарына тиесілі екі қару - Mannlicher, Блейзер тәркіленді», - деп жазды ведомстводан.

Аталған факті бойынша іс тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар