«Сібір миссиясы-2018» Қазақстанға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Сібір Миссиясы - 2018» экспедициясының қатысушылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экспедицияны Литва Республикасының «Яунемс» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.

«Сібір Миссиясы» - бұл Литва Республикасы билігінің тарапынан қолдау тауып, 2006 жылдан бері іске асырылып келе жатқан жоба. Жоба шеңберінде жастардан құралған экспедиция жер аударған литвалықтардың зираттарына барады. Сондай-ақ, жергілікті литвалықтар немесе олардың ұрпақтарымен кездеседі. Миссия мүшелері жыл сайын әлем бойынша депортацияланған литвалықтардың қабірлерін аралап, оларды ретке келтіреді.

Литва халқының тарихын сақтау, Литва мен Қазақстанның ортақ тарихын түсіну, алған әсерлерін Литва жұртшылығымен бөлісу, сондай-ақ, Литва мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында экспедиция 19 шілдеден бастап біздің мемлекетте болды.

Экспедицияға қатысушылар литвалықтардың Қарағанды облысындағы зираттарына барып, сол аймақтарда тұратын литвалықтармен кездесіп, жер аударған литвалықтардың қабірлерін жөндеумен айналысты. Бұған дейін олар Жезқазған және Балқаш қалаларында өткен баспасөз-конференцияларында журналистерге экспедиция қорытындысы жөнінде сұхбат берді.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысының орынбасары Әділет Дүйсенбиевтің сөзінше, Литва Республикасынан жер аударылған азаматтар туралы ақпарат болмаған, сол қиын-қыстау кезеңде 50 мыңнан аса адам келген. Мақсаттары - солардың ұрпақтарымен кездесу. Жерленген жерін тазалап жүр, сонымен қатар Қазақстан мен Литва арасындағы ықтымақтастықты дамыту бойынша келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар