Сиань қазақстандық қаламен бауырлас болады

None
None
БЕЙЖІҢ-СИАНЬ. ҚазАқпарат - Қытай Халық Ресубликасындағы Қазақстанның елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың Шэньси провинциясының Сиань қаласына жасаған іссапары аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Лу Чжюанмен және Сиань қаласының мэрі Шангуань Цзицзинмен келіссөздер жүргізіп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан елшісінің Лу Чжиюанмен кездесуі кезінде қос тарап Қазақстан мен Шэньси провинциясы арасындағы өнеркәсіп және инвестиция салаларында байланысты нығайту мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан елшісі мен Сиань қаласының мэрі Қазақстан қалалары мен Сианьның арасында  достық қарым-қатынас орнату және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне қатысты пікір алмасты.

«Сианьдық кәсіпкерлер «Бір белбеу - бір жол» бастамасын жүзеге асыруға белсенді түрде араласып, Қазақстан экономикасына қаржы құюға әзір. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпорындар Қазақстан Республикасынан экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін импорттайды. Атап айтқанда, елге  бал, сиыр мен қой еттерін, дәнді дақылдарды жеткізумен айналысады», - деді Шангуань Цзицзин.

Быил тараптар 2013 жылы ҚХР басшысы Си Цзиньпин жариялаған «Жібек жолының экономикалық белбеуі» бастамасының ұсынылғанына 5 жыл толуын тойлайды. Осы уақыт аралығында еліміздің Сиань қаласымен сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және инвестиция салаларында ынтымақтастығы нығайды. Оған  дәлел ретінде Қытайдан Қазақстан арқылы транзитпен Еуропа елдеріне өтетін «Чанъань - 1» контейнерлік пойызын айта кету керек»,- деді қазақстандық дипломат.

Сиань мен қазақстандық қалалардың бірінің арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар