«Си Цзиньпиннің анекдоттары мен нақыл сөздері» жинағы Қытайда бестселлерге айналды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Маусым айында шыққан «Си Цзиньпиннің анекдоттары мен нақыл сөздері» жинағы Қытайда бестселлерге айналды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

16 маусымда ішінде 109 оқиға жазылған кітап рейтингісі бойынша Қытайдағы ірі онлайн-ритейлердің бірі «Цзиндунның» «Саяси және әскери әдебиет» санатында екінші орын алды.

China Daily басылымының жазуынша, кітапқа Қытайдың мемлекет басшысының жұмысы барысында пайдаланған қытайлық және шет ел қайраткерлерінің басынан кешкен қысқа оқиғалары мен афоризмдері кірген.
Жинақты Қытай Коммунистік партиясының орталық баспа органы «Жэньминь жибао» газетінің редакциялық бөлімінің қатысуымен «Жэньминь чубаньшэ» баспасы шығарды.

«Бірқатар оқиғаны мен бала кезімнен бері естіп келемін, алайда Си Цзиньпин оларды тартымды баяндайды. Си Цзиньпиннің жария еңбегі екі түрлі сипатта: олар барынша сенімді және жоғары мәдени бағдарымен ерекшеленеді. Мен оларды оқығанда қайраткердің айрықша болмысын сезінемін», - дейді Бейжің педагогикалық университетінің жанындағы қытай тілі мен әдебиеті мектебінің профессоры Кан Чжэнь.

Соңғы жаңалықтар