Си Цзиньпин Уханьға барды

None
None
УХАНЬ. Синьхуа - ҚазАқпарат – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Хубэй провинциясындағы Ухань қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Төрағасы COVID-19 жаңа коронавирус пневмониясы өршіп тұрған қаладағы «Хошэньшань» ауруханасына инспекция жасау үшін барған.

Си Цзиньпин аурухананы пайдалану, науқастарды қабылдау және емдеу жағдайымен, медицина қызметкерлері үшін қорғаныс шараларымен, сондай-ақ эпидемияға қарсы күреске бағытталған ғылыми зерттеулермен танысты.

Сондай-ақ, ол онда емделіп жатқан науқастарды аралап, эпидемиямен күндіз-түні күресіп жатқан медицина қызметкерлерімен амандасты.

Айта кетерлігі, «Хошэньшань» - COVID-19 науқастарын емдеу үшін арнайы 10 күн ішінде салынған мың орындық уақытша аурухана.


Соңғы жаңалықтар