Си Цзиньпин: Қазақстан халқы Президент Тоқаевтың басшылығымен жарқын болашаққа жол ашады
«Біздің бәріміз сыртқы күштердің аймақтағы түрлі-түсті төңкерістердің қолтығына су бүркіп, «адам құқықтары» сылтауымен ішкі істерімізге араласу, халықтарымыздың тыныш өмірін бұзу талпыныстарына үзілді-кесілді қарсы тұрамыз. Жақында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктер адам өліміне және материалдық шығындарға әкеп соқтырды», - деген Қытай басшысы өз елінің бұл істе Қазақстан билігінің шешімдерін қолдайтынын айтты.
«Қазақстанның көршісі әрі досы бола отырып, Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Тоқаевтың сенімді басшылығымен Қазақстан халқы жарқын болашаққа жол ашатынына сенімдімін», - деді Си Цзиньпин.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.
Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.