Си Цзиньпин «азия-тынықмұхит арманын» жүзеге асыруды ұсынды - Бейжің

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бүгін Бейжіңдегі АТЭЫ Іскерлік саммитінде «азия-тынықмұхит арманын» жүзеге асыруды ұсынды, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытайлық көшбасшы «азия-тынықмұхит арманы» түсінігіне бейбітшілік, даму, өзара тиімді ынтымақтастық және аймақтағы гүлдену және алға жылжу үшін бірлескен жұмыс негізіндегі бірлескен мақсаттар рухының әрекеттерін жатқызады.

Си Цзиньпин сондай-ақ «арманның» мәнісі әлемдік даму авангардында қала отырып, адамзаттың дамуына одан да көп үлес қосу жататынын түсіндірді.

Үлкен экономикалық белсенділік, еркін сауда, инвестицияларға қолғабыс, жақсы жолдар және одан да тығыз тұлғааралық байланыстар - осының барлығы «азия-тынықмұхит арманы».

ҚХР басшысы қауіпсіздік пен гүлденуді қамтамасыз етуді, сонымен бірге «арманның» құрамдастарының бірі ретінде балалардың өсуі, жұмыс істеуі мен өмірі үшін одан да жақсы жағдайлар туғызуды атап өтті.

Соңғы жаңалықтар